Рөлде ұйықтап қалды: жүк көлігі тасжолдағы қоршауға соқтығысты (видео)

20.01.2026 10:41

Жүргізушілерге маңызды ескерту жасалды

Кадр из видео

Бүгін, 2026 жылғы 20 қаңтарда, сағат шамамен 09:00-де «Астана» төлем қабылдау пунктінде, Астана – Щучинск бағытындағы тасжолда жол-көлік оқиғасы болды: жүк көлігі төлем пунктінен кейінгі бетон қоршауға соқтығысты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv, КазАвтоЖол-ға сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апатының себебі жүргізушінің рөлде ұйықтап қалуы болды.

«Құрметті жүргізушілер! Тасжолда қозғалыс кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз:

  • шаршаған және ұйқысы келген кезде жолға шықпау;
  • әр 2–3 сағат сайын демалыс үшін аялдама жасау;
  • жылдамдық режимін және арақашықтықты қатаң сақтау;
  • төлем пункттерінен кейінгі учаскелерде ерекше мұқият болу.

Өздеріңізді және жолаушыларыңызды қорғаңыздар. Жолдағы қауіпсіздік әр жүргізушінің жауапкершілігінен басталады», – деп ескертті КазАвтоЖол баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Қар мен көктайғақ салдарынан 100-ден астам көлік соқтығысты (видео)