Усть-Лугадағы оқиғадан кейін қазақстандықтарға консулдық көмек көрсетілуде

Қазіргі уақытта вахталық кенттегі жағдай тұрақталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейдің Усть-Луга кентіндегі вахталық қалашықта орын алған жаппай тәртіпсіздіктен кейін бірнеше Қазақстан азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бастапқыда жанжалға жүздеген адам қатысып, салдарынан әртүрлі елдің 30-дан астам азаматы құрықталған. Алғашқы тергеу амалдарынан кейін олардың басым бөлігі босатылды. Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығының қызметкерлері оқиға орнына барып, отандастарымызбен, соның ішінде қамаудағы азаматтармен кездесті. Қазіргі уақытта вахталық кенттегі жағдай тұрақталды, ал тергеу аяқталған соң қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға берілмек.

«Бірқатар тұлғаларға, оның ішінде Қазақстан азаматтарына қатысты 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы сот шешімдері қабылданды. Тағы 3 адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккен немесе медициналық көмекке мұқтаж тұлғалар жоқ. Барлығына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде», – деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Оқи отырыңыз: Жылдың «тәтті» ұрлығы: шоколад батондарына толы жүк көлігі айдап әкетілді

Новости партнеров