Ұстанған бағыт, мемлекеттің саясаты әдебиетте көрініс табу керек - Әділғазы Қайырбеков

Алматыда Ата заңның 30 жылдығына арналған іс-шара өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Конституция – әділет пен парасат жолы». Бүгін осындай тақырыпта Ата заңның 30 жылдығына арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан Жазушылар кітапханасындағы дөңгелек үстелге ақын-жазушылар, заңгерлер, қоғам қайраткерлері мен Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының курсанттары қатысты. Жиында сөз алғандар 30 жыл бұрын бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Қазақстанның жаңа Конституциясының маңызын кеңінен талқылады. Тәуелсіз еліміздің құқықтық, саяси, әлеуметтік негізін қалаған басты құжат – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуының кепілі екенін жастарға жете түсіндірді.

«Әділетті қоғам құрамыз, әділетті Қазақстан деп жатырмыз. Біздің әдебиетіміз жас ұрпақты осы бағытта тәрбиелеу керек, журналистика осы бағытта қызмет етуі керек. Ұстанған бағыт, мемлекеттің саясаты әдебиетімізде, мәдениетімізде көрініс табу керек», – деді ақын, Қазақстанның құрметті жазушысы Әділғазы Қайырбеков.

Оқи отырыңыз: Тәуелсіздік тұғыры: Биыл еліміздің Ата заңына 30 жыл

Новости партнеров