Ұстаздың ұлы жолымен: арнайы мектеп-интернатта ұстаздар күніне арналған квест-ойын өтті

09.10.2025 10:28

Іс-шара оқушыларға ұстаздар мерекесінің мәнін терең сезінуге мүмкіндік берді

№2 арнайы мектеп-интернаты фотосы

1 қазанда №2 арнайы мектеп-интернатында ұстаздар күніне арналған «Ұстаздың ұлы жолымен» атты квест-ойын ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ достық қарым-қатынас пен ұстаздарға деген құрмет сезімін қалыптастыру болды.

Квест барысында оқушылар қазақ тілі, химия, ағылшын тілі, информатика және география кабинеттерінде аялдап, әртүрлі жұмбақтар мен логикалық тапсырмаларды орындады. Әр кезеңде олар жасырылған құпия кілтті табуға тырысып, өз білімдері мен ынтымақтарын көрсетті.

Ойын соңында қатысушылар ұстаздарына алғыстарын білдіріп, олардың еңбегіне зор құрмет көрсетті. Іс-шара оқушыларға ұмытылмас әсер сыйлап, ұстаздар мерекесінің мәнін терең сезінуге мүмкіндік берді.

Оқи отырыңыз: Астанада Ұстаздар күні аталып өтті: үздік мұғалімдер марапатталды