Олар тәжірибесі мол, саланың дамуына үлес қосқан қызметкерлерге де құрмет көрсетті
5 қазан – қоғамның алтын діңгегі саналатын ұстаздар мерекесі. Айтулы күн қарсаңында Бостандық ауданындағы білім ордаларының жас мамандары ерекше челлендж бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар мұғалімдерді төл мерекесімен құттықтау үшін Президент саябағы мен Абай алаңында бас қосты. Көпке белгілі «Ұстазым» әнін бірге шырқап, жылы лебізін білдіріп, әріптестерінің ыстық ықыласын жеткізді. Тәжірибесі мол, саланың дамуына үлес қосқан қызметкерлерге де құрмет көрсетті. Себебі ұстаз еңбегі – ел ертеңіне салынған мызғымас іргетас.
«Бостандық ауданының мектеп басшылары жас мамандарымен бірге хор ұйымдастырдық. Ұстаздар күнінің қарсаңында осындай әдемі іс-шара өткізу – біз үшін үлкен мәртебе», – деді Бостандық ауданы білім бөлімінің басшысы Айгүл Қасымбек.
«Ұстазыңды құттықта» деген челлендж жүріп жатыр. Осыған байланысты челлендж түсіріп жатырмыз. Ұстаз – қастерлі, қасиетті мамандық. Барша әріптестерімзді төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!» – деді Әл-Фараби атындағы № 145 мектеп-гимназия мұғалімі Нұртуған Мәжитұлы.
Оқи отырыңыз: Елімізде 314 мың балаға қосымша білім алу бойынша ваучер берілді