Үстірт қорығында қабылан фототұзаққа ілікті

08.06.2026 13:14
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы аумағында аса сирек кездесетін қабылан фототұзаққа түсті, деп хабарлайды Almaty.tv Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бұл деректер Үстірт қорығының осы ерекше және жойылып бара жатқан түрдің табиғи ортасы ретінде маңызды рөл атқаратынын тағы да дәлелдейді. 

"Жыртқыштың наурыз және мамыр айларында фототұзаққа түскені анықталды. Қазіргі таңда қорық қызметкерлері қабыланның қозғалысын бақылауды жалғастырып жатыр", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Маркетплейс кейпіндегі қаржы пирамидасы: ҚМА «инвест-дүкендер» схемасының жолын кесті