Финалға 23 мемлекеттік айыптаушы өтті
Іс-шара мемлекеттік айыптаушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, қылмыстық істер бойынша сотта мемлекет атынан айыптауды қолдайтын дайындығы жоғары прокурорлар пулын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Байқауға аудандық, қалалық және облыстық деңгейлердегі 532 прокурор қатысты, оның ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүргізетін прокурорлар да бар.
Финалға 23 мемлекеттік айыптаушы өтті.
Финалистер соттағы сөз сөйлеулерін таныстырып, қылмыстық және қылмыстық-процестік құқық бойынша тапсырмаларды шешіп, сондай-ақ стандарттан тыс жағдайларды қамтитын кейстік тапсырмаларды орындады.
Байқау қорытындысы бойынша басшы құрам арасынан Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуроры Ерденбек Әлібекұлы Тоқбаев, қатардағы құрамнан Өскемен қаласы прокуратурасының Мемлекеттік айыптауды қолдау тобының аға прокуроры Наталья Владимировна Карпенко жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, алты қосымша номинация бойынша жеңімпаздар анықталды:
Оқи отырыңыз: Алматыда гидтер мен экскурсоводтар үшін курстар өтіп жатыр