Алматы облысында құтқарушылар тауда адасып қалғандарға көмекке келді

30.03.2026 10:41

Жедел іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде туристер қысқа мерзімде табылды

Кадр из видео 112 KZ

Алматы облысы Қарасай ауданында, «Поляна Терра» ауданында теңіз деңгейінен 2650 метр биіктікте, 2008 жылы туған төрт адамнан тұратын топ таудан түсу кезінде бағытын жоғалтып, адасып кеткен, - деп хабарлайды Almaty.tv ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Оқиға туралы дабыл алғаннан кейін оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметі мен Алматы қаласы ТЖД құтқару қызметінің құтқарушылары шықты.

Зардап шеккендермен байланыс сақталды, олардың орналасқан жері шамамен Берёзовая роща ауданында анықталды.

Жедел іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде туристер қысқа мерзімде табылды.

Құтқарушылар зардап шеккендерді қауіпсіз аймаққа шығарып, қалаға жеткізді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Оқи отырыңыз:   2026 жылдың сәуірінде қазақстандықтар қалай демалады