Алматыда 25 жастағы Ерзат Егізбай із-түзсіз жоғалып кетті: полиция мен еріктілер іздестіруде

Коллаж
Коллаж

Оның ұялы телефоны соңғы рет Есік саяжайларында қосулы болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында тәртіп сақшылары мен еріктілер тобы 25 жастағы Ерзат Шалқарұлы Егізбайды қарқынды түрде іздестіріп жатыр. Бойжеткеннің ағасы Жетісу аудандық Полиция басқармасына бауырының жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені туралы арызданған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ресми мәліметке сүйенсек, 1999 жылғы Азамат Шалқарұлы Егізбай інісінің жоғалғаны туралы 2026 жылдың 19 мамырында хабарлаған. Ерзат сол күні күндізгі сағат 14:30 шамасында Райымбек даңғылы бойындағы (147Б үйінің жанындағы құрылыс нысаны) жұмыс орнынан шығып, қайта оралмаған. Оның ұялы телефоны соңғы рет Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік саяжайларындағы «Көксай» серіктестігі аумағында қосулы болғаны анықталды.

Ағасының айтуынша, Ерзат бес уақыт намаз оқиды, бұған дейін үйден ескертусіз ешқайда кетпеген, ешқандай есепте тұрмаған және бұрын сотталмаған.

Ерзат Егізбайдың белгілері: Бойы шамамен 165–170 см, орта денелі. Ерекше белгілері жоқ.

Үстіне киген киімі: Қоңыр кофта, қоңыр жеңсіз күрте (безрукавка), қара шалбар, қара кроссовка және қара кепка.

Құзырлы органдар СИОПиСО базасы арқылы тексеру жүргізді. Оның нәтижесінде Ерзат Егізбайдың Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтпегені, ХҚКО-ларға жүгінбегені белгілі болды. Сондай-ақ, қалалық ауруханалар мен мәйітханаларды тексеру жұмыстары ешқандай нәтиже берген жоқ.

Қазіргі уақытта жоғалған азаматтың жүрген жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары қызу жүріп жатыр. Алматы қалалық ПД-ның жеке құрамы құлағдар етіліп, іздеу жұмыстарына «Қоғам» және «Лидер KZ» еріктілер ұйымдары тартылды.

Байланыс телефондары: Егер сізде суреттегі азамат туралы қандай да бір ақпарат болса, тез арада 102 нөміріне немесе туысының +7 777 021 66 60 (Азамат) телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.

Новости партнеров