Жаһандану дәуіріндегі тіл ғылымы: Шора Сарыбаевтың 100 жылдығына арналған халықаралық конгресс өтеді

08.10.2025 10:25

Шараға қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік тілші ғалымдар қатысады

Depositphotos.com

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Халықаралық Түркі академиясы және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, 2025 жылғы 10-11 қазанда көрнекті ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың 100 жылдығына арналған «Жаһандану дәуіріндегі тіл ғылымы, филология және түркітанудың өзекті мәселелері» атты халықаралық конгресс өткізеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Конгресс аясында академик Шора Сарыбаевтың бай ғылыми мұрасы мен оның тіл білімі, филология, түркітану саласындағы еңбектері негізінде жаңа ғылыми бағыттар мен парадигмалар талқыланады. Шараға қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік тілші ғалымдар, филологтар, түркітанушылар, сондай-ақ зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысады.

Конгресс жұмысының негізгі бағыттары:

  • Академик Шора Сарыбаевтың ғылыми мұрасы

  • Қазақ және түркі тілдері диалектологиясының өзекті мәселелері

  • Алтаистика және түркітану: тарихи-генетикалық байланыстар

  • Қазақ тілінің тарихы мен функционалдық грамматикасы

  • Қазақ лексикологиясы мен лексикографиясының жаңа зерттеу бағыттары

  • Антропоөзектік бағыттағы лингвистикалық зерттеулер

  • Терминология және жаңа көзқарастар

  • Корпустық лингвистика және Қазақ тілінің ұлттық корпусын әзірлеу

  • Тіл білімі және білім беру жүйесіндегі әдістемелік инновациялар

Конгресс форматы: офлайн және онлайн (ZOOM: https://zoom.us/j/2471639702)
Өтетін уақыты: 2025 жылғы 10-11 қазан, сағат 09:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, ҚР Ұлттық ғылым академиясы (пленарлық отырыс, Шевченко көшесі, 28) және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы (панельдік секциялар, корпус 7).
Жұмыс тілдері: қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдері.

Конгресс материалдары жинақ түрінде жарық көріп, PDF форматында Тіл білімі институтының сайтында орналастырылады. Барлық қатысушыларға сертификат табысталады.

Мақала тапсыру мерзімі: 2025 жылғы 20 қыркүйекке дейін
Электрондық пошта: konferensjinaq@gmail.com
Мақала жариялау тегін.

Мақалалар Microsoft Word форматында, көлемі 5–7 бет болуы тиіс. Шрифт — Times New Roman, кегль — 14, жоларалық интервал — 1, барлық жиек — 2 см.

Мақала құрылымы: автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, ұйым атауы, қала мен ел, электрондық пошта, мақаланың атауы, аңдатпа және тірек сөздер (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде).

Ұйымдастыру комитеті материалдарды сұрыптау құқығын өзінде қалдырады. Талапқа сай келмейтін және мерзімінен кеш ұсынылған мақалалар қабылданбайды.

Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа кітапханалар, мұражайлар мен театрлар салынады

Теги: конгресс