«Заң мен тәртіп»: Алматыда жастарға азаматтық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді

24.02.2026 12:32

Кездесудің мақсаты – Қазақстанның негізгі конституциялық құндылықтарына тұрақты құрмет қалыптастыру

Фото: Центр общественного развития

«Заң мен тәртіп» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы Комьюнити орталығы алаңында жастармен кездесу ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты – жастар арасында заңға, құқықтық тәртіпке және Қазақстанның негізгі конституциялық құндылықтарына тұрақты құрмет қалыптастыру, - деп хабарлайды Almaty.tv. 

Кездесудің спикерлері: заң ғылымдарының докторы, профессор Кегембаева Жанар Аманжанқызы, Алматы қаласы Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Ибрагим Шыңғысхан Тыныштықұлы.

Кездесудің модераторы – Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы басшысының орынбасары Болатжан Әл-Фараби Нұрбекұлы.

Кездесудің басты лейтмотиві – «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету, жастар арасында құқықтық мәдениетті, тәртіпті және азаматтық жауапкершілікті нығайту.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрінің орынбасары Алматы гарнизонының әскери нысандарын тексерді