Ол ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқан
Алматы қаласының халықаралық әуежайында Интерполдың сұрауымен Моңғолия азаматы ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, құжаттарды қолдан жасағаны және салық, кедендік төлемдер мен алымдарды төлемеу мақсатында контрабандаға барғаны үшін Польшаның құқық қорғау органдары іздеу жариялаған.
«Қылмыстық топтың құрамында болған және жалған моңғол дипломатиялық құжаттарын қолданған ер адам Польшаға 1,7 млн бумадан астам темекіні заңсыз тасымалдаған», - делінген хабарламада.
Кедендік алымдардан жалтарған. Осылайша бұл мемлекетке шамамен 50 000 АҚШ доллары көлемінде шығын келтірген. Ұсталған адам қамауға алынды.
Оқи отырыңыз: Жеке деректі жария етпеңіз: Егде жастағылар неге алаяқтарға көп алданады