Іле Алатауында адасқан қыздар құтқарылды

04.05.2026 11:58

Іздеу жұмыстары қараңғы уақытта және ауа райының қолайсыздығына қарамастан жүргізілді

Кадр из видео 112 KZ

Түнде Іле Алатауының тауларында жоғалып кеткен екі қыз табылып, құтқарылды, — деп хабарлайды Almaty.tv 112 қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының Талғар ауданында, Бесқайнар ауылының маңындағы Букреев шыңында тауға жорық кезінде 2009 жылы туған екі қыз адасып кеткен. Олар жеті адамнан тұратын топ құрамында тауға шыққан, бірақ «Пионер» тау кешеніне қарай түсу кезінде топтан қалып қойып, байланыс үзілген.

Жоғалғандар туралы ақпарат шұғыл қызметтерге түскен бойда, ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы мен Алматы қаласы ТЖД құтқару қызметінің мамандары бірден іздеуге кірісті. Жұмыстар түнде және күрделі метеожағдайда жүргізілді — тауда жаңбыр жауып тұрғандықтан, жергілікті жерді зерттеу айтарлықтай қиындаған.

Іздестіру-құтқару операциясы барысында мамандар Бутаков шатқалы мен Букреев шыңы маңындағы маршруттарды тексерді. Нәтижесінде адасқан қыздар табылды. Олар қатты тоңып, әбден қажығандықтан, өздігінен қозғала алмаған.

Құтқарушылар оқиға орнында алғашқы көмек көрсетіп, қыздарды қиын учаскелерден кезек-кезек арқалап тасып, қауіпсіз аймаққа шығарды.

Бақытқа орай, оларға медициналық көмек қажет болмады. Қыздар таудан аман-есен түсіріліп, туыстарына тапсырылды.

Оқи отырыңыз: Алматыда бизнес пен медиа өкілдері бас қосқан креативті индустриялар префорумы өтті