Қазақстанда 19 өрт сөндіру депосы салынды және құтқару қызметтерінің кадрлық әлеуетін күшейтуде

10.11.2026 11:40

Бүгінде республика бойынша 312 өрт сөндіру пункті жұмыс істейді

UKIMET

Қазақстанда материалдық-техникалық базаны нығайту және азаматтық қорғау бөлімшелерінің инфрақұрылымын дамыту жалғасуда. Биыл еліміз бойынша 19 өрт сөндіру депосы салынды, оның 7-еуі өрт сөндіру және медициналық қызметтердің қатар жұмыс істеуін көздейтін әмбебап деполар. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі UKIMET-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар 160-тан астам өрт сөндіру техникасын, шамамен 1,5 мың бірлік жабдық және 2 мыңнан астам жауынгерлік киім-кешек сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Шалғай ауылдық елді мекендерді қорғауға бағытталған.
«Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Бүгінде республика бойынша 312 өрт сөндіру пункті жұмыс істейді, олардың қызмет көрсету радиусымен 978 елді мекен қамтылған.

«Қосымша 592 штаттық бірлік бөлу мәселесі оң шешімін тапты. Бұл өрт сөндіру бөлімшелерінің кадрлық әлеуетін нығайтуға және олардың төтенше жағдайларға жедел ден қоюға әзірлігін арттыруға мүмкіндік береді. Жылу беру кезеңіндегі негізгі күш-жігеріміз тұрғын үй секторына және оның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Басты мақсатымыз – адам өліміне жол бермеу»,

— деді министр.

Толық көрсету