Қазақстанда Shaiqas-2026 әскери-инженерлік чемпионатының финалдық сайыстары басталды

пресс-служба Минобороны РК
пресс-служба Минобороны РК

Еліміздің әр өңірінен келген 18 команда чемпионаттың жеңімпазы атану үшін сайысқа түседі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысының «Амандық» полигонында алғашқы ұлттық әскери-инженерлік Shaiqas-2026 чемпионатының шешуші кезеңі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv

Жарыстың тікелей көрсетілімін https://youtube.com/live/iCARq5w4sUU сілтемесі арқылы көре аласыздар.

Еліміздің әр өңірінен келген 18 команда чемпионаттың жеңімпазы атану үшін сайысқа түседі. Қарулы күштер атынан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштері әскери институтының, Құрлық әскерлері әскери институтының, сондай-ақ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының құрама командалары қатысады.

«Әуе жүйелері» номинациясында қатысушылар FPV-дрондарды құрастыру және басқару, барлау жүргізу, сондай-ақ шартты жүкті жеткізу дағдыларын көрсетеді. «Жерүсті жүйелері» бағыты бойынша командалар робототехникалық кешендерді басқара отырып, эвакуациялау, жабдықтарды жеткізу және инженерлік қамтамасыз ету міндеттерін орындайды.

Цифрлық қорғаныс саласының мамандары «Киберқауіпсіздік» бағытында модельденген кибершабуылдарды анықтау және оларға тойтарыс беру бойынша өз күштерін сынап көреді.

Ал «Тактика» сайысында командалар уақытқа кешенді тапсырмаларды орындайды. Атап айтқанда, атыс дайындығы, тактикалық медицина элементтері және командалық үйлесімді іс-әрекетке арналған жаттығулар бар.

 Чемпионаттың жүлде қоры – 20 млн теңге.

Оқи отырыңыз: Алматыда 17-23 тамыз аралығында ауа райы қандай болады