Қазақстанда азаматтардың деректерін саудалаған топ ұсталды

Depositphotos
Depositphotos

ҰҚК азаматтардың жеке деректерін заңсыз жинап, сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) азаматтардың жеке деректерін заңсыз жинап, өткізумен айналысқан бір топ адамның қызметіне тосқауыл қойды. Арнайы операция прокуратура органдарымен үйлестіре отырып, наурыз айында Астана және Алматы қалаларында жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тергеу барысында қылмыстық топ мүшелерінің құпия ақпаратты интернет арқылы заңсыз жолмен алып, саудалағаны анықталды. Мәліметтерді сатып алушылардың арасында жеке тұлғалар ғана емес, кейбір микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктердің өкілдері де бар.

Ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды:

  • 147-бап – Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты және жеке деректер мен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу;
  • 208-бап – Ақпаратты заңсыз иелену;
  • 210-бап – Зиянды компьютерлік бағдарламаларды және бағдарламалық өнімдерді құру, пайдалану немесе тарату.

Тінту барысында күдіктілердің мекенжайларынан компьютерлік техника, электронды ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемдегі ақшалай қаражат және қылмыстық әрекетке қатыстылықты растайтын басқа да заттай айғақтар тәркіленді.

Новости партнеров