Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

25.05.2025 15:47

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ

Аlmaty.tv

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС хабарлауынша, сейсмикалық жағдай Жамбыл облысында тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер:

  • Құлан ауылы - 3 балл;
  • Меркі ауылы - 2 балл.

«Сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 25 мамырда Астана уақытымен 15 сағат 08 минутта жер сілкінісін тіркеді», - делінген Сейсмологиялык зерттеу институтының хабарламасында.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай бағытта, Тәжікстан аумағында 338 шақырым жерде орналасқан.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Оқи отырыңыз: Жер сілкінісі кезінде қандай басты ережелерді есте сақтау керек