Мегаполисте жеке үй отқа оранды: өрт толықтай сөндірілді

МЧС РК
МЧС РК
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сағат 03:44-те 112 пультіне Алматы қаласы Бостандық ауданында жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі 112 ALMATY баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі шақырту түскеннен кейін 4 минуттан соң оқиға орнына жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, жалынның ашық әрі қарқынды жануы байқалған

Өрт сағат 04:42-де толық сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан шамамен 35 адам және 9 бірлік техника жұмылдырылды.

Оқиға орнынан бес адамның, оның ішінде бір кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды. Оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себептері анықталуда.

Оқи отырыңыз: Петропавлда көпқабатты үй тұрғындары екі айдан бері жылуға жарымай отыр