Жаңа жыл қарсаңында ТЖМ құтқарушылары күшейтілген режимде жұмыс істеді

01.01.2026 12:19

Нәтижесінде 241 адам, оның ішінде 30 бала құтқарылды және эвакуацияланды

Фото: пресс-служба МЧС РК

Жаңа жыл қарсаңында ТЖМ құтқарушылары күшейтілген режимде жұмыс істеді, деп хабарлайды Almaty.tv

31 желтоқсанда Қазақстан ТЖМ күштеріне 210 шақырту хабарлама түсті. Оның 91-і өрт мен жану оқиғаларына, 119-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға құтқарушылар жұмылдырылды. Нәтижесінде 241 адам, оның ішінде 30 бала құтқарылды және эвакуацияланды.

"ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз",  - делінген хабарламада.

Оқи отырыыңыз: Қазақстанда ең жиі салынатын айыппұлдар сомасы ұлғайды