Бір басу арқылы: Қазақстанда жаңа цифрлық қызмет іске қосылды

26.05.2026 12:36

Пайдаланушылар қосымша арқылы барлық негізгі қадамдардан өтіп, өтінімнің қаралу кезеңін нақты уақыт режимінде бақылай алады

gov.kz.

eGov Business мобильді қосымшасында «Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату» жаңа мемлекеттік қызметі қолжетімді болды. Бұл сервис кәсіпкерлерге өтініш беру кезеңінде мемлекеттік органдарға бармай-ақ, ЖҚ (ИП) жабу процедурасын толығымен онлайн режимде бастауға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл қызмет eGov Business қосымшасында тіркелген жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғаларға арналған. Жаңа қызмет өтініш беру процесін толығымен цифрлық форматқа көшіреді және алғашқы кезеңде мемлекеттік кірістер органдарына жеке бару қажеттілігін жояды. Пайдаланушылар қосымша арқылы барлық негізгі қадамдардан өтіп, өтінімнің қаралу мәртебесін нақты уақыт режимінде бақылай алады.

Қызметті пайдалану үшін eGov Business мобильді қосымшасына кіріп, келесі қадамдарды орындау қажет:

«Бизнесті тіркеу және тоқтату» қызметтер санатын таңдап, «ЖК қызметін тоқтату» қызметіне өту;

Салықтық өтініш санатын таңдау: D - «Камералдық бақылау жүргізіле отырып, қызметін тоқтататын жеке кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын тұлға» немесе E - «Камералдық бақылау жүргізілмей, оңайлатылған тәртіппен қызметін тоқтататын жеке кәсіпкер»;

Келесі кезеңде тізімнен мемлекеттік кірістер органының кодын таңдау;

Келісімді растау: деректерді жинауға және мәліметтердің шынайылығына келісім беру туралы өрістерді белгілеу;

Салық органын (МКО) таңдау;

Жылдам қол жеткізу коды, Face ID немесе Touch ID көмегімен өтінімге қол қою.

Қызмет көрсету нәтижесі және мемлекеттік органның жауабы қызметке қайта кірген кезде қолжетімді болады. Процедура сәтті аяқталған жағдайда жүйеде мемлекеттік кірістер органдарының дерекқорында ЖК қызметінің ресми түрде тоқтатылғанын растайтын «Өңделді» мәртебесі көрсетіледі.

«Бүгінгі таңда eGov Business мобильді қосымшасында шағын және орта бизнес үшін мемлекеттік қызметтердің толық спектріне қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қазірдің өзінде бизнестің тіркелуі мен дамуынан бастап, оны қайта ұйымдастыру мен жабуға дейінгі негізгі өмірлік циклі цифрлық форматқа көшірілді. Біз мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы әрі қолжетімді ете отырьп, бизнеске арналған цифрлық сервистердің мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастырамыз», - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Дәулет Бекманов.

Еске сала кетейік, eGov.kz электрондық үкімет порталында кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға байланысты басқа да цифрлық сервистер іске асырылған. Атап айтқанда, «Заңды тұлғаларды тарату» қызметі пайдаланушыларға 2017 жылдан бері қолжетімді. Осы уақыт ішінде бұл қызметті 35 000-нан астам рет пайдаланған.

Бұл қызмет ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асырылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мектептері жасанды интеллектке көшуде: ауқымды білім беру реформасы бастау алды