Ұлытау облысында марганец кенін заңсыз өндірген қылмыстық топ ұсталды

Шикізатты тиісті құжаттарды пайдалана отырып, шетелге шығарған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстаннан құны 1 миллиард теңгеге жуық табиғи байлық заңсыз шығарылған. Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлытау облысында марганец кенін заңсыз өндіріп, шетелге сатқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Агенттіктің мәліметінше, күдіктілер ауыр техникаларды пайдаланып, карьер аумағында арнайы өндірістік база құрған. Шикізатты ұсақтау және жуу кешенінде өңдеп, кейін дайын кенді жүк көліктерімен тиісті құжаттарды пайдалана отырып, шетелге шығарған.

– Нәтижесінде сатылған марганец кенінің көлемі 4 мың текше метрден асып, оның құны 950 миллион теңгеден асты. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.