Өскеменде Pet Dog Fest 2026 фестивалі өтті

06.09.2026 11:49
Depositphotos.com

Шығыс Қазақстанның белсенді тұрғындары қоғамдық маңызы бар түрлі іс-шараларға өздері бастамашы болып, оларды ұйымдастыруға тұрақты түрде атсалысып келеді. Осындай шаралардың бірі Өскемен қаласында өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ШҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

5 қыркүйек күні Комсомол аралындағы Этносаябақ аумағында иттер мен жануарларды жақсы көретіндерге арналған отбасылық Pet Dog Fest 2026 фестивалі өтті.

Мұндай іс-шаралар уақытты қызықты өткізуге ғана мүмкіндік бермейді. Олар ересектер мен балалардың жануарларға деген жауапкершілік, қамқорлық және құрмет сезімін қалыптастыруға, табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді.

Фестивальге ит иелері үй жануарларымен бірге қатысты. Алайда өз үй жануарыңыз болмаса да, бұл шараға бармауға себеп емес. Қонақтарды түрлі қызықтар мен отбасылық демалыс күтіп тұрды.

Оқи отырыңыз: Бір стадион, мыңдаған дауыс: Алматы Энрике Иглесиасты қалай шығарып салды

Толық көрсету