Жаңаөзенде оқушы қыз сыныптасын соққыға жығып, видеоға түсірген

Фото: unsplash.com (Jonah Pettrich)
Фото: unsplash.com (Jonah Pettrich)

Зардап шеккен қыздың анасы полицияға арызданған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңаөзенде оқушы қыз өзіне жала жапқаны үшін сыныптасын ұрып-соғып, оқиғаны видеоға түсіріп алған. Зардап шеккен оқушы қыздың анасы бейнежазбаны көргенде дереу полицияға арызданған. Сот видео авторының ата-анасына айыппұл салды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, 11 жастағы оқушы қыз сыныптасының үйіне келіп, одан сөйлесу үшін сыртқа шығуды өтінген. Артынша сыртқа шыға салып, «Неге маған жала жауып жүрсің?» деп бас салып соққыға жығып, онымен қоймай, өз әрекетін видеоға түсіріп алған.

Зардап шеккен қыздың анасы бейнежазба бар екенін білген сәтте полицияға арызданып, дәлел ретінде бейнекадрларды ұсынған.

Іс Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

"Қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар қасақана әрекет жасаған (ҚР ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін құқық бұзушының ата-анасына. 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды болды", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Әзірге ешкім апелляциялық шағым түскен жоқ.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында жоғалып кеткен жігіттің денесі иен даладан табылды

Новости партнеров