Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев елімізде енгізілетін жаңа институт – Вице-президенттің өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
- Вице-Президентті жалпы депутаттар санының көпшілік дауысымен білдірілген Құрылтайдың келісімімен Президент тағайындайды.
- Вице-Президентті қызметінен Президент босататын болады.
Сонымен бірге Вице-Президент:
- Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастардағы мүдделерін білдіреді;
- Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Президенттің атынан өкілдік етеді.
- Вице-Президент Қазақстан Республикасы Президенті атынан Қазақстан Республикасының және шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен қарым-қатынас орнатады.
- Вице-Президенттің өзге де өкілеттері Президентпен айқындалады.
- Вице-Президент институтының енгізілуіне байланысты Конституциядан Мемлекеттік кеңесші туралы нормалар алынып тасталады.
Президент көмекшісі Ержан Жиенбаев Конституция деңгейінде Вице-Президентке қойылатын талаптарды көздеу қажет екенін де айтты.
- Вице-Президент өкілді органның депутаты болмауға, өзге де ақылы лауазымдарды атқармауға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмауға тиіс.
- Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде Вице-Президент саяси партияның мүшесі болмауға тиіс.
- Мұндай тәртіп саяси бәсекелестікті арттыруға және барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған ұстанымға сәйкес келеді.
Оқи отырыңыз: Халық Кеңесі ҚХА мен Ұлттық құрылтай қызметтерін орындауды жалғастырады