Астана мен Қарағандыда полицейлер есірткінің ірі партияларын тәркіледі

Ол өз пәтерінің балконында 10 кг-нан астам гашиш сақтаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты белсенді жалғастырып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

" Астанада полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерде 35 жастағы есірткі жасырушыны ұстады. Жеке тінту барысында күдіктіден 350 орам және синтетикалық есірткі салынған екі үлкен полиэтилен пакет тәркіленді. Сондай-ақ пәтерді тінту кезінде жасыруға дайындалған 1,5 мыңнан астам орам, салмағы бір жарым килограмм болатын 4 үлкен орам, 5 мыңнан астам zip-пакеттер, таразы мен есірткіні өлшеп орауға арналған құрылғылар тәркіленді. Ұсталған адамнан барлығы 6 кг-нан астам есірткі тәркіленді. Оның ішінде 4 кг-дан астам мефедрон, 2 кг үнді марихуанасы және 8 грамм кокаин", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Одан бөлек, Қарағандыда 53 жастағы ер адам ұсталды. Ол өз пәтерінің балконында 10 кг-нан астам гашиш сақтаған. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде заңсыз айналымға есірткі заттарының 35 мыңнан астам дозасы жіберілмеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Абай облысында полициядан қашқан жүргізушінің ұсталған сәті көрсетілді

Новости партнеров