Қазақстандағы барлық білім беру нысандары жаңа оқу жылына қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бойынша тексерілді – ҚР ІІМ

Depositphotos
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа оқу жылы қарсаңында барлық білім беру объектілері қауіпсіздік талаптары бойынша тексерілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бүгінде ұйымдардың 100%-ы бейнебақылау жүйелерімен және дабыл түймелерімен жабдықталған. 93%-ының мектеп бейнекамералары Жедел басқару орталықтарына шығарылған. 

Сондай-ақ білім беру объектілерінің маңындағы жол инфрақұрылымы тексерілді. 

«Балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында 15-ші тамыздан бастап “Назар аударыңыз – балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатырмыз. Оның аясында қиын өмірлік жағдайдағы балалармен жұмыс жүргізу, балалардың жарақаттанудан алдын алу, балаларды тасымалдайтын автобустардың техникалық жағдайын тексеру және басқа да шаралар қамтылады», — деді Ержан Сәденов.

Жаңа «Профилактика туралы» Заңмен білім беру ұйымдарында балалардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетіктері көзделді. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдері, оның ішінде буллингті және басқа да заңсыз әрекеттерді ерте анықтау тәсілдері бекітілді.