Алматы-Бангкок бағыты бойынша ұшқан рейс Дели әуежайына қонуға мәжбүр болды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігіне ешқандай қатер төнген жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

18 желтоқсанда Air Astana әуе компаниясының KC931 рейсі (Алматы – Бангкок) техникалық себепке байланысты Делидегі әуежайға мәжбүрлі қону жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұшақта болған 138 жолаушы Алматыдан түнгі 01:00-де ұшып шығып, Делиге жергілікті уақыт бойынша 05:51-де қонды. Қону штаттық режимде өтті, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігіне ешқандай қатер төнген жоқ.

Жолаушыларға тамақ берілді, уақытша визалар рәсімделіп жатыр. Сонымен қатар әуе компаниясы адамдарды қонақүйге орналастыру мәселесін шешуде. Бангкок бағыты бойынша рейсті жалғастыру үшін резервтік ұшақ дайындалуда.

Air Astana компаниясы жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі әрдайым басты басымдық екенін атап өтті.

Новости партнеров