Елден тыс жерде жүрген Қазақстан азаматтары өткен дауыс беру барысында жоғары азаматтық жауапкершілік пен белсенділік танытты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, сайлау учаскелері әлемнің 61 елінде ұйымдастырылған болатын. Шетелде тұратын және білім алып жатқан отандастарымыз дауыс беруге белсене қатысып, ел болашағына деген жанашырлықтарын білдірді.
61 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9623 адамды құрады. Бұл дауыс берушілердің 84,4% келуін қамтамасыз етті.