Референдумға дейін:
13
күн
13
сағат
32
минут

XXI ғасыр көшбасшысы: Алматыда колледж студенттері зияткерлік сайыста бақ сынады

Жарысқа қаладағы білім ошақтарынан 20-ға жуық студент қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының колледж студенттері «XXI ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік сайысында бақ сынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Білім бәсекесінде қатысушылар 5 кезең бойынша өзара сынға түсті. Жарысқа қаладағы білім ошақтарынан 20-ға жуық студент қатысып, нәтижесінде жеңісті Алматы техникалық колледжінің жастары қанжығалады. Сайыс барысында білім алушылар тарих, философия, география және құқықтану пәнінен қойылған сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беріп, алғырлық танытты.

«Зияткерлік сайыс, білімді, алғыр, ой-өрісі кең көшбасшылық қасиеті жоғары талантты студенттерді анықтау, қолдау мақсатында өткізіліп отыр», – деді Алматы политехникалық колледжі директорының орынбасары Назым Әбілханова.

«Студентім Жұлдыз – талантты, мықтылығын әрқашан дәлелдеп жүретін студенттердің бірі. Біз 2 апта көлемінде дайындық жасадық», – деді Алматы құрылыс техникалық колледжінің биология пәні мұғалімі Құндыз Өтегенова.

Оқи отырыңыз: Шиелі ауданындағы ауруханаға МРТ аппараты қойылды

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров