Әлеуметтік желідегі партия атрибутикасы үшін жауапкершілік қарастырылған
Қазақстанда әлеуметтік желілерде партия логотипі бар кепка немесе басқа да атрибутикамен көрінген пайдаланушыларға айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов мәлімдеді, — деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін, 13 мамырда Мәжіліс депутаттары онлайн-платформа пайдаланушылары үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастыратын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат үгіт-насихат жүргізу, пікірсайыстар, сауалнама нәтижелерін жариялау тәртібін бұзғандарды жазалауды көздейді.
Мәселенің мән-жайы Заң жобасын талқылау барысында депутат Никита Шаталов блогерлердің өз еркімен, тегін негізде партияны қолдап контент жасауына қатысты сұрақ қойды:
«Егер блогер кандидаттың атрибутикасын (мысалы, логотипі бар кепка) киіп, өз аудиториясына партияны ашық қолдайтынын көрсетсе, бірақ бұл үшін ақша алмаса және ешқандай келісімшарт болмаса, ОСК мұны қалай бағалайды?» — деп сұрады депутат.
Жасырын үгіт және айыппұл мөлшері Шавхат Өтемісовтың түсіндіруінше, мұндай әрекеттер «жасырын үгіт-насихат» ретінде саралануы мүмкін. Заң бойынша, кандидатты немесе партияны қолдап үгіт жүргізу үшін олардың алдын ала жазбаша келісімі болуы шарт. Егер мұндай құжат болмаса, төмендегідей айыппұлдар салынады:
«Блогер кандидатпен немесе саяси партиямен келісімшартқа отырмаған болуы мүмкін. Бірақ "Сайлау туралы" заңда нақты жазылған: егер жеке немесе заңды тұлға үгіт-насихатқа қатысса, олар кандидаттың осы қызметті қабылдауға берген жазбаша келісімін алуы керек. Мұндай келісім болмаса, бұл жасырын үгіт деп есептеледі», — деді Өтемісов.
Оқи отырыңыз: Жусан аллергиясынан құтқаратын отандық вакцина: Қазақстанда жаңа препарат сыналуда