«Жаяу жүргіншіге назар аудар»: Қостанайлық тәртіп сақшылары жолда бақылауды күшейтті

Almaty.tv
Almaty.tv

Биыл өңірде жол апатынан 10 адам қаза тауып, 257 азамат жарақат алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Қостанай облысында жол апатынан 10 адам қаза тауып, 257 азамат жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv 

Облыстық Полиция департаментінің мәлімдеуінше, жол көлік оқиғаларының орын алуына көп жағдайда ережені елемеген жаяу жүргіншілер себеп болған. Осыған байланысты тәртіп сақшылары жолда бақылауды күшейтіп, «Жаяу жүргіншіге назар аудар» атты профилактикалық акция өткізіп жатыр.

Соның нәтижесінде өңірде соңғы уақытта жол апаты азайып, жарақат алғандар саны 72 адамға кеміпті. Алайда қаза тапқандар қатары керісінше, артқан. Бұл ретте полицейлер қауіпсіздік талаптарын естен шығармауды ескертеді.

«Әрбір сан – жай ғана статистика емес, ол қаншама адамның өмірі қиылғанын, азаматтардың ауыр зардап шеккенін көрсетеді. Сондықтан жолды тек белгіленген жерлерден өтіңіздер, ұялы телефонға алаңдамаңыздар, сіздерді жүргізушілердің байқағанына көз жеткізіңіздер! Ал көлік тізгіндеушілер жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жылдамдықты төмендетіп, мұқият болғаны абзал», – деді Қостанай облыстық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Махаббат Құсайынова.

Оқи отырыңыз: Діни-экстремистік идеяларды жамылған 22 қылмыстық топ құрықталды