Жамбыл облысында 10 мыңнан астам жас алғаш рет дауыс береді

23.08.2026 14:57

Өңірде жастар Құрылтай сайлауына белсенді қатысып жатыр

Ал Жамбыл облысында 18 жасқа жаңа толған 10 мың 500-ге жуық жас алғаш рет дауыс береді. Қазірдің өзінде сайлау учаскесіне ағылғандардың қарасы қалың, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Тараз қаласының өзінде 5 мың 655 студент өз таңдауын жасады. Құрылтай сайлауына қатысып жатқан жастар қатарында спортшылар да бар.

Олардың айтуынша, бұл күн – ел ертеңі үшін ең маңызды қадам. Сондықтан өз қатарластарын еліміздің саяси кеңістігіндегі тың өзгерістен тыс қалмауға шақырады.

Жалпы, бүгін Жамбыл облысында 520 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. 1 млн 200 мыңнан астам тұрғыны бар өңірде 730 мың дауыс беруші тіркелген.

«Иә, бүгін - ерекше күн, себебі мен алғаш рет дауыс беріп отырғандықтан, өте қуаныштымын. Болашақ-  жастарымыздың қолында. Бұл тек саяси іс-шара емес, біз үшін, жалпы мемлекетіміз үшін үлкен оң өзгеріс болып саналады», – деді спортшы Бекназар Білдебай.

Оқи отырыңыз: Алғашқы дауыс: 18 жастағы алматылықтар өз таңдауын жасады

Толық көрсету