Күміспен күптелген дирхемдер Отырар ақша сарайында соғылғаны белгілі болды
Жамбыл облысы Бесағаш ауылы маңынан шамамен 1300 жыл бұрынғы 50-ге жуық қола тиындар табылды. Ғалымдардың сөзінше бұл монеталарды түркештер, қарлұқтар және қытайлар қолданған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Археологтардың мәліметінше, монеталар VIII-XII ғасырлар аралығында Таразда, сондай-ақ Қытайдың Тан және Сун әулеттері тұсында соғылған. Бұл кезеңнің басталуы 751 жылғы Атлах шайқасымен тұспа-тұс келеді. Тарихи олжа Қытай, Араб және Түркі өркениеттері арасындағы ірі қақтығыстар өткен аймақтан табылып отыр. Сонымен қатар қазба барысында XIII ғасырға тән мыс монеталар да анықталған. Күміспен күптелген дирхемдер Отырар ақша сарайында соғылғаны белгілі болды.
«Нумизмат ғалымдардың бірлесіп шешкен шемімдері, яғни сол жердегі табылған монеталардың каталогын дайындап шықты. Бұл бір ғана қалашықта табылған ғылымдағы олжа деп есептеуіміз керек. Басқа да сүйектен жасалған, нефриттен жасалған әшекей бұйымдар, жалпы 150 жәдігер бар», – деді Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Сауран Қалиев.
Оқи отырыңыз: Алматылықтар құрылыс пен қаланың сәулеттік келбетіне қатысты мәселелерді көтерді