Прокурорлардың мәліметінше, Меркі аудандық құрылыс бөлімі мердігер компанияның шотына 108 миллион теңгені заңсыз аударған
Жамбыл облысында жаңа тұрғын алабы салынбай жатып, қаржысы жымқырылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Прокурорлардың мәліметінше, Меркі аудандық құрылыс бөлімі мердігер компанияның шотына 108 миллион теңгені заңсыз аударған. Сорақысы сол, не қабылдау актісі, не техникалық бақылаушының рұқсаты болмаған. Ал бұл қаражатқа 2022 жылы Мыңқазан тұрғын алабында жарық желілері жүргізілуі тиіс болған. Алайда 14 гектар аумақта басталған құрылыс жұмыстары қазір аяқсыз қалды. Қазір аталған дерек бойынша тергеу басталып, кінәлі тұлғалар анықталып жатыр.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Іс одан әрі тергеу жүргізу үшін ҰҚ-нің Жамбыл облысы бойынша департаментіне жолданды. Қазіргі уақытта тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Меркі ауданы Прокуратурасының аға прокуроры Алмас Борантаев.
Оқи отырыңыз: СҚО-да сорғы стансасында жөндеп жатқан екі жұмысшы қаза тапты