Оларға 31 миллион теңгеден аса әкімшілік айыппұл салынды
Жамбыл облысында алкоголь өнімдерін заңсыз сату деректері азаймай тұр. Биыл тәртіп сақшылары талапты бұзған 370 кәсіпкерді анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Олардың барлығы спирттік ішімдіктерді белгіленген уақыттан тыс, яғни түнгі сағат 23:00-ден кейін саудалаған. Заң бұзғандардың 208-і алкоголь өнімдерін сату лицензиясынан айырылды. Сонымен қатар оларға жалпы сомасы 31 миллион теңгеден аса әкімшілік айыппұл салынды. Өңірде алкогольге қарсы профилактикалық жұмыстар күшейтілген. Биыл қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, тәртіпті бұзған 3048 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алты айдың қорытындысы бойынша 272 тұрғын профилактикалық есепке алынып, тағы 27 адам мәжбүрлі ем қабылдау үшін медициналық мекемелерге жіберілді. Мамандардың айтуынша, қабылданған шаралар нәтижесін бере бастаған. Соның арқасында облыста масаң күйде жасалған қылмыстар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,5 пайыз азайған. ¤
«Полиция қызметкерлері 43 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Олардың қатарында есірткі заттарын заңсыз сақтау және пайдалану, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың масаң күйде көлік басқару фактілері бар Былтыр 200 қылмыс тіркелсе, биыл 185 қылмыс жасалған», – деді ПД Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бөлім бастығы Қайрат Бәйгебаев.
Оқи отырыңыз: Ақтауда Каспий теңізі жағалауында болған жанжалға қатысты сот шешімі шықты