Ақтауда Каспий теңізі жағалауында болған жанжалға қатысты сот шешімі шықты

Агрессивті әрекет көрсеткен ер адам 30 тәулікке қамалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда Каспий теңізі жағалауында болған жанжалға қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Агрессивті әрекет көрсеткен ер адам 30 тәулікке қамалды. Ол қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөз айтып, бойжеткенді қорқытқан. Тағы бір тұрғынға қол көтерген. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық және полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау баптары бойынша әкімшілік материалдар толтырылған. Сонымен қатар қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

«Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаны анықтады. Олар Ақтау қаласы Полиция басқармасына жеткізілді. Қазір уақытша қамау абақтысында отыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Болған мән-жәй бойынша әлі де тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр», – деді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Оқи отырыңыз: Астанада автонесие түрінде қаржы пирамидасын құрғандарға сот үкімі шықты