Жамбыл облысында бағдаршамдар бір айдан бері істемей тұр

Ал жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бағдаршам мәселесі электр желілерінің тозуынан туындаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысынның Шу қаласындағы бағдаршамдар бір айдан бері істемей тұр. Салдарынан аудан орталығында жол апаты да көбейген. Жүйкесі жұқарған жүргізушілер «жол қозғалысын реттейтін шамның жанғанынан сөніп тұрғаны көп» деп шағым айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Бағдаршам бір күн жанса, он күн істемей тұрады. Шатасасың, көлік жан-жағыңнан, қапталдан келіп қалады. Бағдаршамда тұғанда көліктердің соқтығысып қалғанын көремін», – деді Шу қаласының тұрғыны Жандар Көпбаев.

Ал жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бағдаршам мәселесі электр желілерінің тозуынан туындаған. Салдарынан тоқ қашып, энергия көзі жетпей жатыр екен. Көпқабатты үйлерде де жарық жиі өшеді. Жауаптылар мәселе алдағы бес жылда шешіледі деп отыр. Бөлім басшысының сөзінше, қазір тозығы жеткен бағаналар мен ескірген сымдар жаңартылып жатыр. 

«Шу ауданында 80-90 пайызға жуық электр желілері ескірген. Соған байланысты элект жарығы сөніп қалады, оны мойындау керек», – деді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жадыра Халықов.

Оқи отырыңыз: 96 алматылық бір күнде АИТВ-ға жедел тест тапсырды

Новости партнеров