Жамбыл облысында мыңнан аса ветеринар үстемақыны уақытылы ала алмаған

Ветстанция ауыл-аймақтағы мал дәрігерлеріне 25 миллион теңге берешек болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында мыңнан аса ветеринар жыл басынан бері өздеріне тиесілі үстемақыны уақытылы ала алмаған, деп хабарлайды Almaty.tv 

Ветстанция ауыл-аймақтағы мал дәрігерлеріне 25 миллион теңге берешек болған. Бұл қаражат зиянды жұмыс пен қауіпті ауруға қарсы еңбек еткені үшін жұмысшыларға берілуі тиіс. Мұндай олқылықты өңірдегі табиғатты қорғау прокурорлары анықтап отыр. Олар осыған ұқсас деректер облысқа қарасты 10 ауданда да анықталғанын мәлімдеді. Бұған дейін жыл басында өңірдегі ветеринарлар жалақының да кешіккенін айтып шағымданған.

«Жамбыл облысының мамандандырылған прокуратурасы ветеринариялық  басқармасының қызметінде еңбек заңнамасына сәйкес талдау жүргізді. Талдау нәтижесімен 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды және айлықтары толығымен берілді», – деді облыстық Табиғатты қорғау прокуратурасының аға прокуроры Еркін Әлмаханов.

Оқи отырыңыз: Әкімшілік рақымшылыққа кімдер ілігуі мүмкін

Новости партнеров