Жамбыл облысында полиция есірткі арнасының жолын кесті

19.12.2025 19:45

Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасып жатыр

polisia.kz

Жамбыл облысында полиция есірткі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы – Екатеринбург автожолының 430-шақырымында Toyota Camry көлігін тоқтатты.

Қызметтік-іздестіру иті Тэяның көмегімен көліктің жүксалғышын тексеру кезінде жолаушыға тиесілі спорттық сөмкеден скотчпен оралған пакет табылды. Пакеттің ішінде өзіне тән иісі бар кристалл тәрізді зат болған. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 470,07 грамм болатын альфа-PVP синтетикалық есірткі заты болып шықты.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті, 34 жастағы Астана қаласының тұрғыны УҰИ-ға қамалды.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: Жезқазғанда 320-дан аса киік мүйізі заңсыз сақталған