Жамбыл облысында жоғалып кеткен әйел адам табылды
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Іздестіру жұмыстары барысында арнайы техника мен ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жамбыл облысында малшыға көмектесу үшін үйінен шығып, сол күйі жоғалып кеткен әйел адам табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
ТЖМ хабарлауынша, Шу ауданында Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары кеше кешке малшыға көмектесу үшін шығып, хабарсыз кеткен әйел адамды іздеу бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Іздестіру жұмыстары барысында құтқарушылар, арнайы техника, кинологиялық есептоп және ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.
"Бүгін таңертең жоғалған азаматша көрші қожалықтың аумағынан табылды. Жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: ШҚО-да аязды күні жолда қалған жолаушылар құтқарылды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
05.10.2026 12:35