Жамбылда жетінші сынып оқушысына жездесі зорлық көрсеткен

Полиция департаменті күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалғанын жеткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбылда жетінші сынып оқушысына жездесі зорлық көрсеткен. Сұмдық жағдай Шу қаласында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің оқушысы туысының азғындығы жайында мектеп психологына өзі баяндап берген. Мектеп маманы қыздың анасына хабарласқанымен, заңды өкілі жағдайды жоққа шығарған. Сондай-ақ гинекологиялық сараптама өткізуден бас тартыпты. Бірақ істі зерделеу барысында азғынның әрекеті дәлелденген. Полиция департаменті күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалғанын жеткізді.

«Аталған жағдай бойынша мектеп әкімшілігі тарапынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шұғыл шаралар қабылданып, оқушының заңды өкілі — анасына дер кезінде хабар берілді. Қазіргі таңда кәмелетке толмаған баланың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ психологиялық қолдау көрсету бағытында тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда», – деді Жамбыл облысының Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Жылыту маусымы: Павлодар облысында өрттен 7 адам көз жұмған

Новости партнеров