Жамбылда жолдасына ашуланған ана 2 жастағы баласын аяусыз ұрған

02.02.2026 19:48

Сәбилер балалар үйіне орналастырылды

Жамбылда жолдасына ашуланған ана 2 жастағы баласын аяусыз ұрған. Белгілі болғандай, жалғызбасты ана бейнежазбаны жолдасынан ақша бопсалау үшін түсірген болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір қылмыстық іс қозғалып оқиғаның мән-жайы анықталуда. Алдын ала дерек бойынша 19 жастағы әйел, бес ай бұрын жолдасымен ажырасып Таразға келген. Тағы бір бейнежазбада тілі шықпаған баланы үлкен қызына да ұрғызғаны анықталыпты. Қазір сәбилер балалар үйіне орналастырылған. Енді ата-ана құқықтарынан айыру мәселесі қаралып жатыр. Күдікті әйелге медициналық көмек тағайындалған. Себебі келіншек балаларын қайтармаса, «өзіме қол саламын» деп қиғылық салған көрінеді.  Әйелдің ендігі тағдырын сот шешпек.

«Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балаларды ұрып соғу фактісі бойынша полиция тарапынан арнайы қылмыстық і қозғалып, бүгінде тергеу амалдары жүруде. Кәмелет жасқа толмаған екі бала қала әкімдігінің қаулысына сәйкес балалар үйіне орналастырылды. Балалар біздің бақылауымызда, жағдайы тұрақты. Кәмелетке толмаған балалардың анасы медицианлық тексерістен өтуде», – деді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова.

Оқи отырыңыз:  Қызылша: Қостанайда бір айда 58 жағдай тіркелді