Қызылша: Қостанайда бір айда 58 жағдай тіркелді

Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың басым бөлігі – вакцина алмаған балалар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысында қызылша дертіне шалдыққандар саны күрт артты. Қаңтарда өңірде 58 жағдай тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салыстырмалы түрде былтыр дәл осы кезеңде бар болғаны бір ғана дерек анықталған.

«Қазір 25 бала облыстық балалар ауруханасында стационарлық ем қабылдап жатыр. Соның біреуінің жағдайы ауыр. Алғашында қызылша диагнозы қойылған, кейін асқыну болып, жедел пневмонияға өршіді», – деді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айдана Бүркітбаева

Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың басым бөлігі – вакцина алмаған балалар. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты өңірде 6 айдан асқан сәбилерге қосымша екпе егу басталған. Қызылшаға көбіне бір жасқа дейінгі және 1 - 4 жас аралығындағы балалар шалдыққан. Ал жұқтыру деректері бойынша ең көп көрсеткіш Қостанайда тіркеліпті. Одан соң Арқалық пен Рудный қалалары тұр. Мамандар «ахуал алаңдатарлық» деп отыр.

«Қызылшаның басқа жұқпалы аурулардан басты ерекшелігі – бөртпенің кезең-кезеңімен шығуы. Алғашқы күні бөртпе бас терісінде, құлақтың артында пайда болып, кеуде тұсына тарайды. Екінші кезеңде дене мен қолға шығады. Үшінші кезеңде аяққа түседі. Осы уақытта беттегі бөртпелер біртіндеп бозарады», – деді штаттан тыс бас эпидемиолог Валентина Неред.

Оқи отырыңыз: Заңсыз казино қызметі: Қазақстанда екі адамға халықаралық іздеу жарияланды

Новости партнеров