Заң мен тәртіп: Алматыда 1000-нан астам азамат мамандардан кеңес алды

11.11.2025 15:41

Жоба аясында «Құқықтық дәріхана» атты іс-шара өтті

Алматыда «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Құқықтық дәріхана» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Онда прокуратура өкілдері қала тұрғындарына отбасы қатынастары, тұрғын үй мәселелері және әлеуметтік қолдау салалары бойынша тегін құқықтық кеңес берді. Маусым айынан бері жалғасып келе жатқан бастама аясында 1000-нан астам азамат мамандардың көмегіне жүгінген.

Айта кетейік, аталған іс-шара аптасына 1 мәрте шаһардың ең ірі сауда орталықтарының бірінде сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі.

«Орта есеппен алғанда, күніне 30-50 адам мамандардан кеңес алады. Бастапқыда жоба қала тұрғындарына тосын жаңалық болып көрінген. Қазір азаматтар арнайы іздеп келіп, мәселелерін талқылайды. «Заң мен тәртіп» жобасы аясында жүзеге асып жатқан іс-шара заңгерлер мен халық арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етіп отыр», – деді қалалық Прокуратура басқарма басшысының орынбасары Қанат Байтіленов.

Оқи отырыңыз: «Елдің тамыры – кәсіпкерлерде: Алматыда бизнес форумы өтті