Сарапшылар дауларды бейбіт жолмен реттеу, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамдық келісімді нығайту мәселелерін сөз етті
Алматыда қоғамдағы медиацияның рөлі талқыланған конференция өтті. Сарапшылар дауларды бейбіт жолмен реттеу, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамдық келісімді нығайту мәселелерін сөз етті, деп хабарлайды Almaty.tv
Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында медиация институтының қызметін күшейту мәселесі арқау болды. Конференцияға қатысқан әр саланың мамандары жас буынға медиацияның қай тұста жүзеге асырылатынын, маңыздылығы мен мақсаты туралы айтып, өзара пікір алмасты.
«Мақсаты – қоғамдағы медиация институтын дәріптеу. Медиация – мәселені сотқа дейін жеткізбей шешу. Медиаторлар, мемлекеттік органдардың өкілдері, құқық қорғау органдарының, сот мамамандары судьялар қатысып отыр. Сонымен қатар жастар, әкімдік қызметкерлері, медицина, білім саласының мамандары жиналды», – деді ұйымдастырушы Бейбіт Молдахметұлы.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында медиацияны талқыладық. «Заң мен тәртіп» – тек жазалау емес, істі тез әрі әділ шешім қабылдау. Бұл жерде медиация өте пайдалы және оны азаматтар да, сот, полиция да қолданады. Медиация – екі бейтарап адамның медиатор арқылы келісімсөз жүргізуі», – деді Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Айбатыр Пазыл.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жасөспірімдер жасаған құқықбұзушылық саны азайды