Заң мен тәртіп – ел дамуының басты көрсеткіштерінің бірі

18.02.2026 21:39

Алматыда прокурорлар, ұстаздар мен жастар арасында кездесу өтті

Қоғамдағы заң мен тәртіп мәселесі – ел дамуының басты көрсеткіштерінің бірі. Осы тақырып аясында Алматыда прокурорлар, ұстаздар мен жастар арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Жиын барысында ашық пікір алмасу алаңы қалыптасып, құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған ойлар мен ұсыныстар ортаға салынды. Осындай мазмұнды басқосулар жастардың санасында заңға құрмет пен азаматтық ұстанымды қалыптастыруға жол ашады деп санайды мамандар.

«Құқық бұзушылықтың алдын алу, киберқауіпсіздік қылмысқа қарсы иммунитет қалыптастыру, жастар арасында құрмет мәдениетін нығайту –біздің ортақ міндетіміз. Кездесудің маңызы да, мәні де осы бағытта болып отыр», – деді Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің басқарма төрағасы-ректоры Бейбіткүл Каримова.

«Аталған іс-шара барысында жастардың іс-әрекеті және олардың қоғамға қайшылық іс-әрекеттерін жасамау, оның алдын алу мақсатында сұқбаттастық. Жасөспірімдер керегін алды деп ойлаймыз», – деді Алмалы ауданы прокатурасының бөлім прокуроры Ерназар Саймасай.

Оқи отырыңыз: Заң және тәртіп: Конституция жобасындағы бастама - елдегі құқық үстемдігін арттыруға жасалған қадам