Референдумға дейін:
23
күн
10
сағат
54
минут

Заң және тәртіп: Конституция жобасындағы бастама - елдегі құқық үстемдігін арттыруға жасалған қадам

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Заң және тәртіп үстемдігі» қағидаты тек мемлекеттік қызметкерлердің ғана емес, бүкіл қоғамның жауапкершілігін күшейтеді». Сарапшылар Конституция жобасы аясында көтерілген бұл бастаманы елдегі құқық үстемдігін арттыру қадамы деп бағалайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Заң тек сөз жүзінде болмайды. Мемлекеттік шешімдердің бәрі соған сай қабылданады. Ал бұл өз кезегінде мемлекеттік орган мен азаматтардың заңды бірдей қолдануына септігін тигізеді.

«Мемлекет басшыларына, мемлекеттік қызметкерлерге ғана бағытталған нәрсе емес, балабақшадан, мектептен, ЖОО студенттеріне осы қағидатты дұрыс түсіндіріп, таратып, енгізсе, бүкіл халықтың этикасына айналуы ықтимал», - Салыстырмалы саяси зерттеулер орталығының басшысы Айдар Әміребаев.

Ал заңгерлер әр адам заңды өз еркімен түсініп орындағанда ғана шын мәнінде құқықтық мемлекет құрылады деген пікірде. Сәйкесінше, мемлекеттік қызметкер мен қарапайым тұрғынның бір-біріне деген сенімі артпақ.  Мұнымен қоса, заң мен тәртіпті қатаң сақтау елдің дамуына, халықтың әл-ауқатына және болашақ ұрпақтың жарқын өмір сүруіне кепіл болмақ.

«Қағидат бекітілгеннен кейін заңға сай талаптар мемлекеттік органның қызметкері болсын, кез келген азаматз болсын орындауға міндетті. Сондықтан да бұл Конституцияға енгізілген жаңа қағидасы және бабы - біз үшін өте маңызды -  деді адвокаттар алқасының адвокаты Арман Шәріпов.

Оқи отырыңыз: Жаңа Конституция жобасында адвокатура институтының мәртебесі күшейтілген

Новости партнеров