Заң мен тәртіп: құқық қорғау органдарының өкілдері студенттермен кездесті

10.03.2026 16:14
Жалпыұлттық коалициясы баспасөз қызметі

«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы мен Алматы құрылыс-техникалық колледжі бірлесіп «Заң мен тәртіп: қауіпсіз қоғам» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құқық қорғау органдарының өкілдері сөз сөйлеп, сталкинг және нашақорлықтан сақтану, деректерді қорғау және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік міселелерін түсіндіріп, құқықтық мәдениет пен әрбір азаматтың жеке жауапкершілігінің  маңыздылығын атап өтті. 

Кездесу барысында «Заң мен тәртіп» идеологемасының мәні, оның бүгінгі қоғамдағы орны мен референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының преамбуласында көрініс тапқаны атап өтілді.

Оқи отырыңыз: Жоғалған отбасы: Атырау облысында екі баласының мәйіті табылды