Ұйымдастырушылардың сөзінше, аталған ауданда тағы мұндай 10-ға жуық кездесу өткізу жоспарланған
Алматының Бостандық ауданы тұрғындарына «Заң және тәртіп» апталығы аясында тегін құқықтық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Азаматтар мамандарға жүгініп, құқық бұзушылықтар мен әкімшілік рәсімдерден бастап, әлеуметтік қамсыздандыру мен тұрғын үй мәселелеріне дейін түрлі салалар бойынша кәсіби кеңес алды. Іс-шараның басты мақсаты – халықты қолжетімді заң көмегімен қамтамасыз етіп, көпшілікті толғандырған сұрақтарға түсініктеме беру. Ұйымдастырушылардың сөзінше, аталған ауданда тағы мұндай 10-ға жуық кездесу өткізу жоспарланған.
«Шара «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халыққа, азаматтарға қолайлы болуы үшін көшпелі түрде өтіп жатыр. Яғни, ауданымызда орналасқан барлық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ күш құрылымдарының өкілдері азаматтарға жеке қабылдау жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деді Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Сәкен Аралбаев.
Оқи отырыңыз: Заң мен тәртіп: Алматыда заң бұзушылықпен күрес пен құқықтық көмек апталығы өтіп жатыр