Мамандардың пікірінше, бұл өзгеріс заманауи емдеу әдістерін кеңейтуге мүмкіндік береді
Республикалық референдум қорытындысы бойынша күшіне енген жаңа Конституция Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесін бекемдеп, халық денсаулығын қорғау кепілдігін күшейтті. Салаға 30 жылдан астам ғұмырын арнаған тәжірибелі мамандар бұл тарихи қадамның елдің өмір сүру сапасын арттырудағы маңызы зор деп есептейді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Мамандардың пікірінше, бұл өзгеріс ана мен бала денсаулығын қорғауға, заманауи емдеу әдістерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Ата Заңда медициналық ілім мен инновацияларды ілгерілету ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы ретінде айқындалған.
Реформа жас зерттеушілерді қолдауға, жасанды интеллект технологияларын енгізуге және отандық ғылымның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жобаларды жүзеге асыруға берік негіз болады.
«Жаңа Конституция мемлекеттің профилактикалық бағыттағы жұмыстарын күшейтеді. Яғни скрининг, диспансерлік бақылау және вакцинацияға айқын басымдық беріледі. Егер профилактика жүйелі жүргізілсе, бұл денсаулық сақтау саласына түсетін жүктемені азайтып қана қоймай, халықтың жалпы денсаулығын жақсартуға ықпал етеді», – деді №7 қалалық клиникалық аурухананың мамандандырылған көмек бөлімінің меңгерушісі Жанерке Әбдіхалықова.
Оқи отырыңыз: Бейнеуде су басқан аумақтарда қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр